ҚР Көлік министрлігінің басшысы Үрімжі әуежайына барды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 наурыз

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында ҚР Көлік министрлігінің басшысы, Астана және Алматы қалалары әуежайларының өкілдері Үрімжі Дивопу халықаралық әуежайына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сапар барысында қонақтарға Қытайдың шекаралас аймағының әуе айлағын дамыту бағдарламасы таныстырылды.

Сондай-ақ ҚР Көлік министрі ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы әуежайларының жедел басқару орталығына барды.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар арасында жолаушылар мен жүк тасымалдарын дамыту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото