Үрімжіде қытайлық және қазақстандық көлік-логистикалық компаниялардың кездесуі өтті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 наурыз

2024 жылғы 23 наурызда Үрімжі қаласында ҚР Көлік министрі М.Қарабаевтың Қытайға сапары шеңберінде көлік-логистикалық ынтымақтастық бойынша дөңгелек үстел өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дөңгелек үстелге 60-қа жуық қытайлық және қазақстандық компания қатысты.

Іс-шара барысында компаниялар авиациялық, теміржол және автомобиль жүк тасымалдары, сондай-ақ жүк хабтарын құру және теміржол инфрақұрылымын дамыту саласында перспективалар ұсынды.

Іскер топтар кездесуінің қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото