ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Еркін Тұниязбен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 наурыз

ҚР Премьер-Министр Олжас Бектенов «ҚР-ҚХР сауда қатынастарын дамытудағы жаңа тәсілдер» тақырыбындағы экспорттаушылардың екінші форумына қатысу үшін Астанаға келген ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы ҚКП партия комитеті хатшысының орынбасары, ШҰАР Халық үкіметінің төрағасы Еркін Тұниязбен кездесті. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Келіссөз барысында Мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ол сондай-ақ сауда қатынастарын әртараптандыру әлеуеті зор екенін атап өтті. Келіссөз барысында Олжас Бектенов пен Еркін Тұнияз өзара іс-қимылды дамытудың мүмкіндіктері ретінде транзиттік көлік, мәдени және өңіраралық бағыттарды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және туризм салаларын атап өтті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото