Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы: Қазақстандық алғашқы делегация Бейжіңге жетті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 наурыз

Алдағы 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжің қаласында Қазақстан туризмі жылының ресми ашылу рәсімі өтеді деп хабарлады ҚазАқпарат.

Осыған орай Қазақстаннан шыққан алғашқы делегация мүшелері 26 наурыз күні Бейжіңге арнайы ұшып келді. Олардың қатарында билік өкілдерінен бөлек, әншілер, күйшілер, бишілер, сонымен қатар әлемдік аренада Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүрген танымал спортшылар да бар.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото