Қытайдағы «Қазақстан туризм жылының» ашылу салтанатында Роза Рымбаева ән шырқайды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 наурыз

Қазақстанға туристерді тартуды тек насихаттап қана қоймай, қонақтарды да көбірек тартуымыз керек. Бізде өте көркем табиғат бар. Сол үшін эко туризмді барынша дамытуымыз керек. Бұл туралы Kazinform тілшісіне Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылу салтанатына келген Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева айтып берді.

«Бізде Қазақстанда әсем, көркем жерлер өте көп. Қазіргі таңда жарқыраған қонақ үйлермен ешкімді таңғалдыра алмаймыз. Дамыған мемлекеттердің қызығушылығы менің ойымша, экотуризм. Сол үшін нағыз табиғатпен, тазалықпенен туристерді тарту керек. Біздің ең үлкен байлығымыз – таза, көркем табиғатымыз, әсем жерлеріміз, көлдеріміз, тауларымыз», - деп атап өтті әнші.

Сонымен бірге қазақтың ұлттық өнері өзге ешқандай елден артық болмаса, кем емес екенін де тілге тиек етті.

«Осы Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылу салтанатына бір қазақша, бір қытайша ән орындаймын», - деп атап өтті әнші Роза Рымбаева.

Естеріңізге сала кетейік, аталған іс-шарада Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы, опера әншісі Зарина Алтынбаева, «Ұлытау» этно-рок тобы, Абай атындағы ҚазҰОБТ хор ұжымы, «Серпер» және «Сазген сазы» ансамбльдерінің шығармашылық ұжымы бастаған 150-ге жуық өнерпаз өнер көрсетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото