Алматы облысы Сычуань қаласына алғаш рет үкіметтік делегация жіберді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 1 сәуір

1 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 29 наурызда Чэнду қаласында Сычуань-Алматы экономикалық және сауда туризмін ілгерілету конференциясы өтті. Бұл екі тарап «бауырлас өлкелер» болғаннан бері Алматы облысы Сычуаньға үкімет делегациясын бірінші рет жіберіп отыр.

2017 жылдың қыркүйегінде Сычуань мен Алматы облысы достық өлкелік қатынастар орнату туралы келісімге қол қойды.

«Чэнду-туристік қала, сондықтан біз Чэндудың туризм саласындағы тәжірибесінен сабақ алуымыз керек», - дейді Алматы облысының инвестициялық халықаралық қатынастар және туризм жөніндегі кеңесшісі Айбар Теменов. Алматы облысының табиғаты өте әдемі. Егер Алматы қытайлық туристерді тартқысы келсе, онда туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыру керек.

Деректер 2023 жылы Сычуань мен Қазақстан арасындағы импорт пен экспорттың жалпы көлемі 1,6 миллиард юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48,6%-ға өскенін көрсетеді. Сычуаньнан экспортталатын автомобильдерге, ауа баптағыштарға және басқа да өнімдерге жергілікті тұрғындардың қызығушылығы жоғары. Сондай-ақ Қазақстан экспорттаған феррохром, мырыш концентраты, арпа және т.б. заттар Сычуань арқылы Қытай нарығына шығады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото