Визасыз режим: 173 мың Қазақстан азаматы Қытайға сапарлады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 2 сәуір

Өткен жылдың 10 қарашасында Қытай мен Қазақстан арада визасыз режим енгізілгеннен бері бұл келісім өз нәтижесін беріп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды KAZINFORM.

«Статистикаға сүйенсек, 2023 жылғы 10 қарашадан бері Қазақстанға 126 мың Қытай азаматы келген. Сондай-ақ осы уақыттан бері Қытайға 173 мың қазақстандық барған. Өзім де 2 күн бұрын Қытайға барып келдім. Ұшақтың бәрінде толған Қазақстан азаматтары. Сұрастырсаң, көбі турист. Мысалы, 1-2 ата-ананы көрдім. Олар балаларын оқыту үшін университет қарауға бара жатыр екен. Сондықтан мәдени гуманитарлық байланыс нығайып келеді», - деді Айбек Смадияров.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото