Париж Олимпиадасы жақындап Иуда «тапсырыстар артты»

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 3 сәуір

3 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 2024 жылғы Париж Олимпиадасының ашылуына 4 айдан аз уақыт қалды. «Әлемдік супермаркет» Иуда олимпиада атмосферасы сезіле бастады.

Иу халықаралық сауда қаласында сөрелердегі көптеген жаңа өнім француздық түс алды. Франция туының түсі бар шапалақ салу таяқшасын 10 сағат бойы үздіксіз қолдануға болады және ол шыға салып танымал болды.

Кейбір саудагерлердің пікірінше, Олимпиада ойындары сияқты жан-жақты іс-шаралар Еуропадағы туристік индустрияны ынталандырады және тұтынушыларды кеңейтуге жақсы мүмкіндік береді. Өткен жылдың екінші жартысынан бастап Олимпиада ойындарына қатысты ондаған тапсырыстар келіп түсті. Клиенттер Францияға көршілес Испания мен Алжир сияқты елдерден де келді.

Операторлар Еуропа елдеріндегі спорттық атмосфера салыстырмалы түрде жақсы деп санайды және іскерлік қарым-қатынас орнағаннан кейін болашақта өнімдерге тапсырыс беруді жалғастыру ықтималдығы жоғары болады.

Иу кедендік статистикасына сәйкес, осы жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында Францияға Иу экспорты 540 миллион юаньға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42%-ға өсті, ал спорт тауарларының экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,5%-ға өсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото