Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Шыңжаң Қорғас шекарасынан 200 000-нан астам адам кіріп-шықты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 7 сәуір

7 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қорғастың кіру-шығу шекара бекетінің статистикасына сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Қорғас шекарасынан кіріп-шыққан адамдардың саны 200 000-нан асып, 220 000-ға жетті. Сөйтіп, сәйкес кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 211%-ға өсті.

Өткен жылдың 10 қарашасында Қытай мен Қазақстан арасындағы визадан босату саясаты жүзеге асырылғаннан бері ол екі ел арасындағы өзара алмасулар мен ынтымақтастық одан әрі жеңілдеп, трансшекаралық туризмнің экологиялық дамуына ықпал етті. Қытай мен Қазақстан басшылары 2024 жылды Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы деп жариялады. Шыңжаңдағы Қорғас шекарасынан күн сайын елге 1600-ден астам адам кіріп-шығып, тәуліктегі ең жоғары меже 3000-нан астам адамға жетті. Осылайша Қорғастан елге кіретін және шығатын жолаушылардың саны Шыңжаңдағы шекаралар арасында бірінші орында тұр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото