Алашанькоу порты: Бірінші тоқсанда Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызының саны 13,7%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 7 сәуір

7 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Бірінші тоқсанда Алашанькоу порты арқылы 1809 Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызы өтті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,7%-ға өсіп, импорттық және экспорттық 190 000 стандартты контейнермен жалпы салмағы 1,8 млн тоннадан астам жүк тасымалданды.

Бірінші тоқсанда Алашанькоу порты арқылы өтетін Қытай-Еуропа (Орта Азия) пойызының саны жалпы алғанда өткен жылдың өсу тенденциясын жалғастырды және тұрақты даму тенденциясы айқын болды. Пойыз тасымалдайтын тауарлар негізінен отандық автомобильдер, компьютерлер мен керек-жарақтар, өнеркәсіптік машиналар, киім-кешек және тұмыстық қажетті бұйымдар, тұрмыстық техника және т.б., ал шетелден тасымалданатын тауарлар негізінен химиялық шикізат, кесілген ағаш, автомобиль бөлшектері, ауылшаруашылық өнімдері және т.б.

Осы уақытқа дейін Алашанькоу порты арқылы бүкіл ел бойынша 26 провинцияны, облыстар мен қалаларды, сондай-ақ Германия, Польша және Венгрия сияқты 21 елді қамтитын барлығы 118 Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыз маршруты жүрді. Тасымалданатын жүктерге автомобильдер мен аксессуарлардың 200-ден астам түрі, киім-кешек, электронды өнімдер және т.б. кіреді. Порт арқылы өткен Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызының жиынтық саны 36000-нан асты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото