Көркем жүзу: Қазақстан құрамасы әлем кубогында чемпион атанды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 8 сәуір

Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы Бейжіңде өтіп жатқан әлем кубогының алғашқы кезеңінде чемпион атанды деп хабарлайды inform.kz.

ҚР Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, акробатикалық бағдарламада Қазақстан спортшылары бас жүлдені қанжығасына байлады. Қазақстан командасы 2 күн бұрын техникалық сайыста қолаға ие болған.

1-орын - Қазақстан (213.7801). Команда сапындағылар – Айгерім Құрманғалиева, Этери Какутиа, Наргиза Болатова, Арина Мясникова, Анна Павлетцова, Жвклин Якимова, Жәния Жиенғазы;

Осылайша Қазақстан құрамасы Бейжіңнен 1 алтын, 2 күміс пен 2 қола медаль жеңіп алды. Қытайдағы әлем кубогының кезеңі осымен аяқталды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото