«Қытайдың ыстық полюсі» Тұрпанда Salmon балығы сәтті өсірілді!

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 8 сәуір

8 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Сене аласыз ба? Жазда жер бетінің температурасы 75℃-ге дейін жететін «Қытайдың ыстық полюсі» Тұрпанда кәдімгі суық судағы балық пен Salmon балығы сәтті өсірілді! Қазіргі уақытта Тұрпанда өсірілетін жүздеген тонна Salmon балығына тапсырыс берілген. Олар негізінен Бейжің, Гуандун, Шанхай сияқты қалаларға сатылады.

Кампанияның жауапты тұлғасының айтуынша асыл тұқымды шаруашылық құрлықта өсіруді қабылдаған. Бұл су жағасындағы құрлыққа сүйенетін, тасымалдаушы ретінде асыл тұқымды цистерналар мен бөшкелерді пайдаланатын және асыл тұқымды орта мен өсіру процесін бақылау үшін жоғары технологияларды пайдаланатын өсіру әдісі.

Жауапты тұлғаның айтуынша Тяньшань табиғи бұлағы құрлықтық өсіру жүйесінен ағып өтіп, 5 сағатта бір рет алмасып тұрады. Сондықтан, тіпті ашық ауада, Тұрпан ең ыстық болған кезде де судың температурасы 18℃-тан аспайды. Бұл Salmon балығын өсіру үшін ең қолайлы ахуал.

Нылқы ауданындағы балық өсіру базасы

Нылқы ауданындағы балық өсіру базасы

Судың температурасынан басқа, судағы еріген оттегінің мөлшері де Salmon балығын өсіру үшін өте маңызды. Еріген оттегінің мөлшері неғұрлым көп болса, өнім соғұрлым жоғары болады. Сондықтан фермада пайдаланылатын су жоғары тиімді су-оттегі араластыру технологиясын қолданады. Ал Salmon балығы өнімділігін 8-ден 10 есеге дейін арттыруға болады.

Қазіргі уақытта Шыңжаңда Salmon балығын өсіретін Нылқы, Арасан, Хыжиң, Қорғас және Ұлықшат сияқты аудандар бар. 2023 жылы тек Нылқы ауданындағы Salmon балығы өндірісі шамамен 6000 тоннаға жетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото