Еліміздегі ең терең геотермалдық ғылыми барлау ұңғымасының тереңдігі 5200 метрге жетті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 9 сәуір

9 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші Қытайдың Sinopec компаниясы ақпараттық басқармасынан Sinopec компаниясы Хайнаньда орналастырған «Фу Шэньрэ-1» ұңғымасы 5200 метр тереңдікте сәтті бұрғыланғанын білді.

Компанияның мәліметінше, бұл геотермалдық барлау ұңғымасы Қытайдағы тереңдік бойынша рекорд орнатты.

Sinopec компаниясы өзінің геотермалдық өрісін тереңдетуді жалғастырып жатыр. Геотермалдық энергетиканың ауқымды дамуын зерттей отырып, Sinopec жалпы геотермалдық жылыту қуатын шамамен 100 миллион шаршы метрге арттырды және миллиондаған шаршы метрді құрайтын бірқатар аймақтық геотермалдық жылыту жобаларын салды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото