Қытай Аомэнь мен Қазақстан визадан босату туралы өзара келісімге қол қойды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 10 сәуір

10 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 9 сәуірде Аомэньда «Қытай Халық Республикасының Аомэнь арнайы әкімшілік районы үкіметі мен Қазақстан Республикасының үкіметі арасындағы визадан өзара босату туралы келісімге» қол қою рәсімі өтті. Аомэнь арнайы әкімшілік районы үкіметінің әкімшілік мәселелер жөніндегі департамент директоры Чжан Юнчунь мен Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев екі тараптың атынан келісімге қол қойды.

Жоғарыда аталған келісім күшіне енгеннен кейін Аомэнь арнайы әкімшілік районының жарамды төлқұжаттары бар Аомэнь тұрғындары Қазақстанға 14 күнге дейін визасыз кіре алады. Сол сияқты Қазақстанның жарамды төлқұжаты бар азаматтар Аомэнь арнайы әкімшілік районында 14 күн визасыз тұра алады. Қазіргі уақытта 146 ел немесе аймақ Аомэнь арнайы әкімшілік районының төлқұжат иелеріне визасыз немесе келген кезде виза беру режимін атқарып келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото