«ҚазТрансОйл» жыл басынан бері Қытайға 2,5 млн тонна Ресей мұнайын жөнелтті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 11 сәуір

«ҚазТрансОйл»  АҚ үш айда 2,507 млн тонна Ресей мұнайын Қытайға айдады, деп хабарлады Sputnik.

«2024 жылдың I тоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ 2 млн 507 мың тонна Ресей мұнайын «Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбыры арқылы Қытай Халық Республикасына транзиттеді», - деп жазылған хабарламада.

«ҚазТрансОйл» компаниясының баспасөз қызметі 2023 жылы Ресей мұнайының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына транзитінің көлемі 9 млн 989 мың тонна болғанын еске салды.

2014-2023 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына 91 млн тонна Ресей мұнайын жеткізді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото