Павлодар-Түркістан пойызында қыз бала дүниеге келді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 сәуір

Қазақстанның №46 «Павлодар-Түркістан» бағытындағы жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді деп жазды ҚазАқпарат.

Жас ана Зейнеп Әбдікәрімова жүктіліктің соңғы айында анасымен бірге Павлодардан Түркістанға №46 пойызбен жолға шыққан. Жол барысына жолаушының толғағы басталды.

Вагонның екі жолсерігі Анар Амандықова мен Назерке Талғарбаева әйелді аман-есен босандырып, қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Қыз бала 10 сәуірде сағат 16:30-да дүниеге келді.

Пойыз бригадасы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды.

Вагонда босанған әйелге көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Сарышаған станциясына келгеннен кейін жас ана мен қыз баланы жедел жәрдем қызметкерлері қабылдады.

Жаңа туған нәрестенің есімін Мереке деп атаған.

Қазақстанда соңғы 3 жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында 13 сәби дүниеге келді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото