ҚР Президенті әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңдарға қол қойды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 сәуір

ҚР Президенті әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңдарға қол қойды, деп хабарлайды KAZINFORM.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

ҚР Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото