Қазақстанда су тасқыны басталғалы бері 108 мыңнан астам адам құтқарылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 сәуір

Қазақстанда су тасқыны басталғалы бері 108 мыңнан астам адам құтқарылды, деп хабарлайды Sputnik.

Мәліметтерге сәйкес, 11 950 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналастыру пункттеріне 7 444 адам, оның ішінде 3 111 бала орналасқан.

9,4 млн текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 2,1 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді.

Бүгінгі күні авариялық-құтқару жұмыстарында 32 963 адам, 3 798 техника, оның ішінде, 764 су сору құралы, 255 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылған.

«Жедел желі» телефонына 1 714 қоңырау түсті, 126 психологтар зардап шеккен адамдарға психологиялық көмек көрсетуде.

Осы сағатта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 898 жеке тұрғын үй, 1 542 аула аумағы және 2 035 саяжай үйлері су астында қалуда. 3 504 тұрғын үй мен 2 078 аула аумағынан су бұрылды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото