Құлжадан Алматыға ұшақ қатынады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 сәуір

16 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 15 сәуірде China Southern Airlines авиакомпаниясының Құлжадан Алматыға алғашқы халықаралық рейсі 86 жолушысымен Қазақстанның Алматы халықаралық әуежайына қонды.

Құлжа-Алматы аралығындағы халықаралық рейс аптасына бір рет барып келеді. Ұшақ шамамен 1 сағат 20 минут ұшады. Сол күні Құлжа әуежайында ұшу-қону жолағындағы алғашқы рейсті мерекелеу рәсімі өтті. Құлжадан Алматыға алғашқы рейсті азаматтық авиация саласы жоғарғы ілтипатпен «су қақпасынан өту» рәсімімен қарсы алды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото