ЛЯНЧЖУ мұражайындағы AR экскурсиясы мәдени жәдігерлерге жан бітірді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 сәуір

25 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 22 сәуірде онлайн «Халық газетінің» «Қытайды көру» деп аталатын шетелге ақпарат тарату ұжымы Лянчжу мәдениетімен танысу үшін Лянчжу мұражайына барды.

Онлайн «Халық газетінің» шетелдік сарапшысы Ху Чанминь мәдени жәдігерлерді жақыннан таныстыратын AR көзілдірігін киді. Сол сәтте мұражай картасы көз алдыңызда ашылып, ондағы бедерлі қыш ыдыстар және басқа да мәдени жәдігерлер қол созым жерде жинақталады .... AR экскурсиялық көзілдіріктер бұйымды көруді, дыбысты тануды және басқа да қызмет түрлерін біріктіріп, келушілерге жоғары технологиялық құралдар арқылы визуалды интерпретациялық экскурсия ұсынады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото