Онлайн «Халық Газеті» түсірген Аньянды шетелге таныстыратын «Қалалар хикаясы» фильмінің премьерасы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 20 мамыр

20 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 18 мамыр күні таңертең Аньян қалалық Партия Комитетінің қоғаммен байланыс бөлімі мен қалалық Мәдени жәдігерлер бюросы ұйымдастырған 2024 жылдың 18 мамырындағы «Халықаралық музей күні» Аньянның басты іс-шарасы Инь қирандылары мұражайының жаңа ғимараты оңтүстік алаңында өтті. Онлайн «Халық Газеті» түсірген Аньянның шетелге таныстырым арнаулы фильмі «Қалалар хикаясы» және «Қытай мәдениетінің іздерін іздеу -Инь қирандылары мұражайы» атты шағын деректі фильмдер сериясының Аньян фильмі алғаш рет тұсаукесер рәсімінде жарық көрді.

Онлайн «Халық Газеті» бас редакторының орынбасары Ян И ашылу салтанатында Онлайн «Халық Газеті» бірлескен таратудың жаңа жолдарын белсенді түрде зерттеп, әлемге Аньян мен Хэнаньның сұлулығын танытып, Қытай хикаяларын ұсынатынын айтты.

Аньян қаласы әкімінің орынбасары Чан Хуйцинь өз сөзінде осы жылдан бастап Аньян қаласының мұражайлары мен ескерткіштері 20-дан астам арнайы көрмелерді, мыңға жуық ғылыми-зерттеу, әлеуметтік және білім беру іс-шараларын бастағанын және 2,8 миллионнан астам келушіні қабылдағанын айтты. Болашақта Аньян қаласы мұражай бизнесінің дамуын одан әрі жеделдетеді деп сөзін түйіндеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото