Қытай мен Қазақстан өзара сауданы кеңейту бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыруда

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 мамыр

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған қазақстандық бизнес-делегация Қытайдың Цзянсу провинциясының Нанкин қаласына келіп, "Цзянсу - Орталық Азия" сауда орталығы алаңында болды. Ауқымды жоба SOHO Holdings Group компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Сауда министрлігінің баспасөз қызметінен.

2024 жылдың наурызында Қазақстан мен Қытай "Орталық Азия - Цзянсу" көпфункционалды орталығын құру туралы келісімге келген еді. Экспортты қолдау бойынша QazTrade ұлттық операторы мен Jiangsu SOHO HoldingsGroup Co Ltd халықаралық компаниялар тобы тиісті құжатқа қол қойды.

Тараптар Қытайдың Цзянсу провинциясында сауда орталығын салу жобасын жүзеге асыруға келісті. Сауда алаңында қазақстандық өнімдер, ал болашақта Орталық Азия елдерінің тауарлары сатылымға шығарылады.

Цзянсуға сапары барысында Арман Шаққалиев компания өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін салынған сауда павильонын аралады.

Қытай - біздің стратегиялық сауда серіктесіміз. Қазақстанмен екіжақты сауда айналымында жетекші орын алады. Қазақстан Мемлекет басшысы Қытаймен өзара сауданы 100 миллиард долларға жеткізу міндетін қойды. "Орталық Азия - Цзянсу" жобасын жүзеге асыру қазақстандық өндірушілердің Қытай нарығына шығуына ықпал етіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың кеңеюіне серпін береді", - деді Қазақстанның Сауда және интеграция министрі.

Қытай тарапының мәліметінше, Нанкиндегі Орталық Азия - Цзянсу сауда орталығының ресми ашылуы қыркүйек айына жоспарланған. Осыған орай Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қазақстандық тауар үлгілерін Қытайдың Цзянсу провинциясына жөнелту үшін жедел дайындықты бастауды атап өтті.

Компания алты бағыт бойынша дамып келеді.Олардың бірі өндіріс пен жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауқымды сауда алаңын құруда тәжірибесі мол. Халықаралық топтың басым бағыттарының қатарында сауда логистикасын дамытуды көздеп отыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото