- Барлық ақпарат
Төраға Си Цзиньпиннің Жібек жолы хикаясының Тәжікстан тараушасы
—«Өзара тиімділік пен тең ұтысқа жету Қытай-Тәжікстан ынтымақтастығының үздіксіз кеңеюінің қозғаушы күші»
4 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- «Таулары ұласып, өзендері қосылған тату көрші, өзара сенімді адал дос, ынтымақтасып тең ұтысқа жететін жақсы серіктес, бір-бірін қолдайтын жақын бауыр» 2019 жылы маусым айында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Тәжікстанның Халық газетінде және Хабар мемлекеттік ақпарат агенттігінде жариялаған авторлық мақаласында Қытай-Тәжікстан қатынастарын осылай суреттеген болатын.
«Мен сапарлап барған сайын туысшылағандай сезінемін. Бұл жақсы көңіл күй сыйлайды.» Төраға Си Цзиньпиннің мемлекет басшыларының дипломатиясына бастамашылық еткені, халықтың барыс-келісіне лайк басқаны немесе Қытай мен Тәжікстан арасындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан достықтың жарқын тарихын образды баяндағаны немесе сол жерде өкілдік сипатқа ие жобаның маңызды түйіндерінің куәсі болғаны. Осындай әрбір Жібек жолы хикаялары, Қытай-Тәжікстан достығының жарқын тұстарын жазып қалдырды.
Таң әулетінің үш түсті жылтыр керамикасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан достықтың тарихи тереңдігінің куәсі.
«Согдяндықтардың түрлі-түсті бейнелері Таң әулетінің үш түсті жылтыр керамикамен жасалған түйе үстіндегі мүсіндердің басты кейіпкеріне айналды». 2019 жылы Төраға Си Цзиньпиннің авторлық мақаласындағы қызықты дерек сол кездегі түрлі-түсті мәдени алмасуларды бейнелеп, Қытай мен Тәжікстан арасындағы ұрпақтар бойы жалғасқан достыққа жарқын мысал болды.
Қытай мен Тәжікстан арасындағы осындай ұрпақтар бойы таралған достық туралы көптеген әңгіме бар. Төраға Си Цзиньпин әр сөйлеген сөздерінде осыларға тоқталды. Қытайдың Батыс Хань әулетінен шыққан Чжан Цянның батыс аумақтарға сапары, Ұлы Жібек жолын ашты; Тан әулетіндегі Сюаньцзян және Мин әулетіндегі Чэнь Чэндер достық іздерін қалдырды; Сомони мен Рудаки сияқты Тәжікстанның әйгілі тарих және мәдениет қайраткерлерінің әңгімелері Қытай жерінде де кең таралған.……
2000 жылдан астам уақыт бойы Жібек жолында түйе керуенінің қоңырауы мен тұлпарлар тұяғынан шыққан шабыс үні, достық пен ынтымақтастық ала келген елшілер мен саудагерлер үзілмеді. Мыңдаған жылдар бойы қордаланған екі ел халқы арасындағы достық бейне қасқайған Памир үстірті сияқты жел мен боранға еңсермей, заманның өзгеруіне қарай өзгермей тұр.
2019 жылғы маусым айында Тәжікстанның астанасы Душанбеде CICA-ның бесінші саммиті өтті. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин саммитке қатысып, «қол ұстаса Азияның қауіпсіздігі мен дамуының жаңа жағдайын жасайық» атты маңызды сөз сөйледі. Фото:Синьхуа
Жылу электр станциясы қуаныш пен жұбанышты бірге өткерудің сүйіспеншілік температурасын теңшейді
Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласының орталығынан солтүстік-шығысқа қарай 10 минуттай жүрсеңіз, әйгілі Душанбе №2 жылу электр станциясына жетесіз. Варзоб өзенінің оң жағалауында орналасқан заманауи жылу электр станциясы елорда тұрғындарына жарық пен жылулық сыйлап қана қоймай, екі ел достығының символына айналды.
«Адамдарға игілік жарататын және халықтың құптауына ие болған жоба ең жақсы жоба». 2014 жылғы қыркүйекте Төраға Си Цзиньпин мен Тәжікстан Президенті Рахмон бірлесіп Душанбедегі №2 жылу электр станциясының бірінші кезеңінің аяқталу рәсіміне және жобаның екінші кезеңінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Душанбедегі №2 жылу электр станциясы салынып, пайдалануға берілгеннен кейін қаланы электрмен жабдықтауға және жылытуға кепілдік берілді.
«Халық бақытты өмір сүруді асыға күтеді. Бұл біздің еліміздің және тату көршілеріміздің ортақ тілегі, сондықтан оларға көмектесуіміз керек» деген Төраға Си Цзиньпиннің сөздері жүрекке жетеді.
2023 жылғы мамыр айында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Сиань қаласында Қытай-Орталық Азия саммитіне қатысу үшін және мемлекеттік сапармен Қытайға келген Тәжікстан Президенті Рахмонмен келіссөздер жүргізді. Фото:Синьхуа
Лубань шеберханасы өзара тиімділік пен тең ұтысқа жетудің дамуға деген сенімін нығайтты.
2023 жылғы мамырда Төраға Си Цзиньпин Қытай-Орталық Азия елдерінің бірінші саммитіне төрағалық етіп, бағдарламалық сөз сөйлеген кезде ол «Орталық Азия елдерінде көбірек Лубань шеберханалары құрылатынын» атап өтті.
Қытай мен Тәжікстан басшыларының жеке қамқорлығымен Тәжікстан техникалық университетінде Лубань шеберханасы ашылды. Бұл сонымен қатар Орталық Азиядағы алғашқы Лубань шеберханасы болды.
Сыныптың ортасында орналасқан заманауи маркшейдерлік және картографиялық жабдықтар студенттердің маркшейдерлік және картографиялық жабдықтардың нақты жұмысын үйренуіне және тәжірибе жасауына арналған; бұрын маркшейдерлік және картографиялық учаскені аяқтауға 15 күн уақыт қажет болатын, ал Лубань шеберханасында жаңа жабдықты қолданғаннан кейін 3 сағатта ғана бітіруге болады... Тәжікстандағы жастарға кәсіптік дағдыларды меңгеруге көмектесетін кәсіптік білім алатын халықаралық алмасу платформасы «адамдарға білім ғана бермей, білімді үйренетін амалды да беретін» Қытайдың жарқын танысқысына айналды.
Студенттер Тәжікстан астанасы Душанбедегі Лубань шеберханасында оқып, тәжірибеден өтті
«Бір белдеу, бір жол» бастамасы ұсынылғаннан кейін Тәжікстан Қытаймен Жібек жолы экономикасын бірлесіп құру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған алғашқы ел. Бүгінгі Қытай-Тәжікстан ынтымақтастығы, Явань-Вахдат теміржол көпірі мен туннелі, сондай-ақ орталық аумақта 500 кв электр беру және трансформациялау желісі сияқты ауқымды ынтымақтастық жобалары бар. Лубань шеберханалары мен ұн өңдеу зауыттарын жаңарту сияқты халыққа пайда әкелетін шағын және әдемі жобалар іске қосылған. Тәжікстанның шие, лимон және басқа да ауылшаруашылық өнімдері Қытай халқының дастарханына салынып жүр. Өзара тиімділік пен тең ұтысқа жету Қытай мен Тәжікстан достығын өміршеңдікке толы етті.
Бұл бейне «Өзара тиімділік пен тең ұтысқа жету Қытай-Тәжікстан ынтымақтастығының үздіксіз кеңеюінің қозғаушы күші» деп Төраға Си Цзиньпин айтқандай. «Қытай мен Тәжікстан екі елінің даму кезеңдері әр түрлі болғанымен, екі тарап ынтымақтастық барысында өзара тиімділік пен өзара пайда жеткізу қағидатын ұстанады және ешқашан бір-бірінің мүдделерін өз мүдделері үшін құрбан етпей, ортақ даму мен ортақ өркендеу жолына табанды болады».
Достар араласқан сайын жақындап, жолдар жүрген сайын кеңейеді. Памир үстіртінің куә болуымен Қытай-Тәжікстан Жібек жолы хикаясының жаңа тарауының жалғасы жазылады.
people.cn © People's Daily Online