Биыл Қытай-Еуропа бағытында 10 000 жүк пойызы жолға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 шілде

12 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Биыл 10 000-ыншы Қытай-Еуропа пойызы Уханьнан 10 шілде күні жолға шықты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 күн бұрын 10 000-ыншы пойызды жөнелту. Биыл барлығы 1,083 миллион TEU жүк жөнелтіліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға өсті.

Осы уақытқа дейін Қытай-Еуропа пойызы Еуропаның 25 еліндегі 224 қалаға жетіп, Азияның 11 еліндегі 100-ден астам қаланы байланыстырды. Ол 53 санат бойынша 50 000-нан астам тауар түрін тасымалдады. Жаңа энергетикалық көліктер, литий батареялары және фотоэлектрлік өнімдер көш бастап тұр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото