731-інші арнайы бөлімінің мүшесі Харбиньге келіп кешірім сұрады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 13 тамыз

13 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 12 тамыз күні кеште Қытайға шапқыншылық жасаған Жапон қарулы күштерінің 731-інші арнайы бөлімінің мүшесі болған Хидео Шимизу ұшаққа отырып, Хэйлунцзян өлкесінің Харбинь қаласына келді. Ол Жапон басқыншы армиясының 731-інші бөлімшесінің ескі орнында орналасқан мұражайға барып, басқыншы армияның қылмысы үшін кешірім сұрады.

Хидео Шимизу биыл 94 жаста. 1945 жылы наурыз айында 14 жастағы ол армияға қабылданып, Харбинь қаласына 731-інші арнайы бөлімінің соңғы жасағы ретінде келіп, әскери қызмет атқарған. Осы кезеңде Ол 731-інші Жапон армиясының жан түршігерлік және сұмдық қатыгездіктерінің барлық түрлерінің куәсі болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Zhao Jian)

Фото