- Барлық ақпарат
Алашанькоу портынан өткен Қытай-Еуропа пойыздарының саны 40 000-нан асты
![]() |
15 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 13 тамызда киімге, автокөлік бөлшектеріне және басқа да тауарларға толы Қытай-Еуропа пойызы Алашанькоу теміржол портынан шығып, Польшаның Малашевич қаласына қарай бет алды. 2011 жылы Алашанькоу порты арқылы алғашқы Қытай-Еуропа пойызы елден шыққаннан бері Алашанькоу кеденінің бақылауындағы Қытай-Еуропа пойыздарының жалпы саны 40 000-нан асты.
Алашанькоу теміржол порты арқылы өтетін алғашқы Қытай-Еуропа пойызынан 10 000-нан астам пойыздың өтуіне дейін 8 жыл қажет болды. Ал 10 000-нан 20 000-ға дейін 22 ай, 20 000-нан 30 000-ға дейін 20 ай, 30 000-нан 40 000-ға дейін небәрі 17 ай уақыт жұмсалды. Осы мәліметтер жиынтығынан Қытай-Еуропа пойызының халықаралық өнеркәсіптік тізбектің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңыздылығы артып келе жатқанын көруге болады.
Жыл басынан бастап порт арқылы өтетін Қытай-Еуропа пойызының саны күніне орта есеппен 21 пойызды құрады, бір күнде ең көбі 29 пойызға жетті.
Қазірге дейін Алашанькоу теміржол порты арқылы өтетін Қытай-Еуропа пойызының желісі 120-ға жетті, олар Ұлыбритания, Қазақстан, Өзбекстан сияқты 21 елге барады.
people.cn © People's Daily Online