- Барлық ақпарат
Қырғызстан валюта бағамдарының ресми күнделікті тізіміне юаньды қосты
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 тамыз
16 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қырғызстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі 14 тамызда хабарландыру жариялап, банк юаньды валюта бағамдарының ресми күнделікті тізіміне енгізді.
Хабарламада Ұлттық банк кеңесінің шетел валюталарын ел валютасына айырбастау бағамының ресми ережелеріне өзгерістер енгізу туралы қаулы қабылдағаны айтылған. 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қырғыз сомына юаньның ресми бағамы күн сайын жарияланып отырады.
Қазіргі уақытта Қырғызстанның Ұлттық Банкі күн сайын АҚШ долларының, Ресей рублінің, Еуроның және Қазақстан теңгесінің ресми бағамдарын жариялайды, ал юань сияқты басқа валюталардың бағамдары аптасына бір рет жарияланады.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Zhao Jian)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online