- Барлық ақпарат
Қытайдың Үрімжі қаласынан Англияның оңтүстік-батысына алғашқы тек жүк тасымалдайтын рейс ашылды
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 19 тамыз
19 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 18 тамыз күні Англияның әуекомпаниясының SE900 рейсі Англияның Борнмут қаласынан ұшып, Үрімжінің Дивопу халықаралық әуежайына келіп қонды. Бұл Үрімжіден Англияның оңтүстік-батысына алғашқы толық жүк маршрутының ресми ашылғанын білдіреді.
Мәліметтерге сәйкес, жүк тасымалдайтын рейсте еуропалық жүк әуекомпаниясының A340-600 ұшағы орындаған барлығы 60 тоннадан астам трансшекаралық электронды коммерция жүктері бар. Ол аптасына 4 рейс жасауды жоспарлап отыр. Жол шамамен 8 сағатты алады. Бұл бағыттың ашылуы Үрімжінің халықаралық жүк арнасын одан әрі кеңейтіп, отандық тауарлардың жедел экспорты мен шетелдік тауарлардың импортына жаңа арналар ашты.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online