- Барлық ақпарат
Астанада «Мұнаймен танысу» атты кітаптың қазақша нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті
12 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жуырда Қазақстанның елордасы Астанада «Мұнаймен танысу: жер астында жасырылған қара қазына» кітабының қазақ тіліндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті.
Іс-шараны Қытай ұлттық мұнай корпорациясы ұйымдастырды. Тұсау кесер рәсіміне Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяо, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Е.Кочетов, Энергетика министрінің орынбасары Е.Ақкенженов және басқа да жоғары лауазымды үкімет өкілдері, Қытай ұлттық мұнайының Қазақстандағы серіктестері, Қытай-Қазақстан ынтымақтастығының жобалық компаниялары, жергілікті университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты.
«Мұнаймен танысу» - Қытайдағы мұнай және газ саласындағы қазақ тіліне аударылған алғашқы еңбек.
Тұсаукесер рәсімінде Қытай ұлттық мұнай өкілдері Атырау Мұнай және табиғи газ университетіне, Қазақстанның Қытай ғылыми-зерттеу орталығы сияқты жергілікті университеттер мен ғылыми-зерттеу мекемелеріне, сондай-ақ Қытай-Қазақстан мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық жобаларының 8 мекемесі мен кәсіпорнына кітаптарды сыйға тартты.
people.cn © People's Daily Online