2023 жылы Қытайда жаңадан орнатылған өнеркәсіптік роботтардың саны әлемдегі санының жартысынан асты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 10 қазан

10 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Штаб-пәтері Германияның Франкфурт қаласында орналасқан Халықаралық робототехника федерациясы жариялаған есепке сәйкес, Қытайда жаңадан орнатылған өнеркәсіптік роботтардың саны 2023 жылы 276 300-ге жетіп, бұл әлемдегі жаңа роботтар санының 51%-ын құраған.

Баяндамада Қытайдың 2023 жылы өнеркәсіптік роботтарының жалпы көлемі 1,8 миллионға жуық бірлікті құрап, әлемде бірінші орында тұрғаны және дүниежүзіндегі ең ірі өнеркәсіптік роботтар нарығындағы орнын сақтап қалатыны айтылған. Сонымен бірге, осы жылдың келесі жарты жылдығында қытайлық роботтар нарығы тез қарқынмен үздіксіз кеңейеді.

Баяндамада ұзақ мерзіммен алып қарағанда Қытайдың өндірістік секторындағы роботтарға деген сұраныстың әлі де үлкен өсу әлеуеті бар және 2027 жылға қарай орташа жылдық өсу қарқыны 5%-дан 10%-ға дейін жетеді деп болжанған.

Есептегі деректер 2023 жылы өнеркәсіптік роботтардың жалпы әлемдік меншігі шамамен 4,282 миллион бірлікті құрайтынын көрсетеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғары болмақ. Жаңадан робот орнату бойынша саны шамамен 46 100 данаға жеткен Жапония екінші орында тұр. Америка Құрама Штаттары шамамен 37 600 дана роботпен үшінші орынды иеленген.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото