Алғашқы үш тоқсанда шетелдіктердің визасыз кіруі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78,6% өсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 қазан

21 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Ұлттық иммиграция басқармасы 18 қазан күні 2024 жылдың үш тоқсанындағы иммиграцияны басқару бойынша негізгі деректерді жариялады. Алғашқы үш тоқсанда ұлттық иммиграция басқармасы елге кіріп-шыққан 160 миллион адамды өткізген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,1% өсті. Ал елге әртүрлі порттар арқылы 8,186 миллион шетелдік келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48,8% өсті. Олардың ішінде елге визасыз режим арқылы 4,885 миллион адам кірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78,6% өсті.

Ұлттық иммиграция әкімшілігі транзиттік визалардан босату саясаттарын үздіксіз кемелдендіріп, қызмет аясын кеңейту, байланыс аймақтарын ұлғайту, ашықтық схемасын оңтайландыру, саясаттың сапасы, тартымдылығы, ынталылығын жоғарылатып, Қытайға келетін шетелдіктерге ыңғайлы жағдай сапасын арттыру үшін тиісті ведомстволармен бірге белсенді жұмыс істеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото