Еліміз Солтүстік Мұзды мұхиттан алғаш рет құрлық арқылы тірі патша шаяндарын әкелді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 31 қазан

31 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 30 қазанда Жеменей порты арқылы Солтүстік Мұзды мұхиттан 20 тонна тірі патша шаяндары(Paralithodes camtschaticus)елге келді. Бұл еліміздің Солтүстік Мұзды мұхиттан құрлық көлігімен тірі су жануарларын бірінші рет әкелуі. Сонымен бірге бұл Солтүстік Мұзды мұхиттан біздің елге құрлық импорты арнасы ашылғанын білдіреді.

Патша шаяндарының осы партиясын импорттаған компанияға жауапты Чжан Джуньчуаньның айтуынша, Солтүстік Мұзды мұхиттан Жеменей портына дейін бар болғаны 6 күнде жетіп келген. Бұл 5 көлік тірі патша шаяндары өте сапалы, жол шығыны салыстырмалы түрде аз, әуе тасымалына қарағанда өмір сүру деңгейі жоғары.

10 қазанда Қытай Бас кеден басқармасы Жеменейге жеуге жарамды су жануарларының кіруін қадағалайтын арнайы орынды пайдалануға рұқсат берді. Үрімжі кедені кедендік рәсімдеуді жеңілдету шараларын енгізіп, елдің шекараларындағы биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету шарты аясында жаңа өнімдерді кедендік ресімдеуді жеделдетуді қамтамасыз етті.

Осы жылдан бастап Жеменей шекарасы арқылы Қытай нарығына Қазақстаннан және басқа елдерден барракуда, табан балық, итбалық сияқты мұздатылған су өнімдері кірді. Алғашқы үш тоқсанда Жеменей порты 710 тонна мұздатылған су өнімдерін импорттады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото