- Барлық ақпарат
«Тяньшань» халықаралық жүк рейсі қазірге дейін 200-інші ұшуын орындады
6 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Желтоқсанның 5-інде Венгрия астанасы Будапештке бет алған толық жүк ұшағы Үрімжі Дивопу халықаралық әуежайынан көтерілді. Осылайша «Тяньшань» халықаралық толық жүк рейсі өзінің 200-інші рейсін орындауға бағыт алды.
Бір күн бұрын, яғни 4 желтоқсанда «Тяньшань» Үрімжі-Қарачи және Шэньчжэн-Дубай бағыттары ресми түрде орындалып, Шыңжаңның «Әуе Жібек жолы» желісі кеңейе түскен еді.
«Тяньшань» халықаралық толық жүк рейсі – Шыңжаң коммерциялық логистика (Group) компаниясының еншілес кәсіпорны Шыңжаң Коммерциялық Авиацияны дамыту компаниясы басқаратын халықаралық жүк бағыттарының сериясы. Аталмыш бағыт Қытайдың Шыңжаңы мен Орталық Азия, Еуропа және басқа аймақтардың арасындағы іскерлік ынтымақтастық пен алмасуды ілгерілету үшін жеткізу тізбегінің кешенді қызметін ұсынады. Алғашқы рейс ағымдағы жылдың 20 шілдесінде ресми іске қосылған болатын.
people.cn © People's Daily Online