- Барлық ақпарат
Семейде жылына 50 мың тонна өсімдік майын өндіретін зауыт ашылды
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 13 желтоқсан
Қазақстанның Семей өңірінде жоғары технологиялық өсімдік майын өндіру зауыты іске қосылды, деп хабарлады Sputnik.
«Зауыттың қуаттылығы жылына 180 мың тонна күнбағыс дәнін өңдеуге мүмкіндік береді. Осы көлемнен 50 мың тонна жоғары сапалы өсімдік майы өндіріледі», - деп жазылған хабарламада.
Жаңа өндірістің ашылуы Семей қаласы үшін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызды оқиға болып отыр. Бұл өңдеу өнеркәсібінің дамуына, аймақтың экспорттық әлеуетінің артуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online