Газа секторындағы үйлердің 92% қираған

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 қаңтар

Газа секторының инфрақұрылымын қалпына келтіруге бірнеше жыл қажет. Бұл туралы 24.kz сайты жазды.

БҰҰ-ның өкілдері осылай деп отыр. Қарулы қақтығыстан, әсіресе, өңірдің солтүстік аудандары қатты зардап шеккен. Атыс-шабыс салдарынан Газадағы үйлердің 92%-і қираған. Оның ішінде 160 мың баспана жермен жексен болса, 276 мыңы бүлінген. Соның салдарынан тұрғындардың көбі қазір уақытша құрылған шатырларда тұруға мәжбүр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото