- Барлық ақпарат
Қытай ауылдарды жандандыруға жәрдемдесу бойынша негізгі міндеттерді ұсынды
24 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 23 ақпанда Қытай 2025 жылға арналған «Орталықтың №1 құжатын» жариялады, онда ауыл реформаларын одан әрі тереңдетудің негізгі міндеттері және ауылдарды жан-жақты жандандыруға жәрдемдесу бойынша нақты қадамдар көрсетілген.
Орталық комитеттің №1 құжаты - Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті жыл сайын шығаратын, ауылды реформалау мен ауыл шаруашылығын дамыту бойынша нақты шаралар қабылдайтын алғашқы құжат.
2025 жылға арналған Орталықтың №1 құжаты алты бөлімнен тұрады.
Олар:
- Астық сияқты маңызды ауылшаруашылық өнімдерін жеткізу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін үздіксіз кеңейту;
- Кедейлікпен күресу саласындағы жетістіктерді үздіксіз шоғырландыру және кеңейту;
- Аудан көлеміндегі бай салаларды нығайтуға баса назар аудару;
- Ауыл құрылысын ілгерілетуге баса назар аудару;
- Ауылдық жерлерді басқару жүйесін жетілдіруге баса назар аудару;
- Элементтердің кепілдіктерін жақсартуға және бөлу жүйесі мен механизмін оңтайландыруға баса назар аудару.
Құжатта Қытай стиліндегі модернизацияға қол жеткізу үшін ауылды жалпы жандандыруды жеделдету қажеттігі айтылған. Ауылдық жерлерді жан-жақты жандандыру және ауылшаруашылында қуатты ел құру мақсатын нысанаға алу, реформа мен ашықтықты және ғылыми-технологиялық инновацияларды қозғаушы күш ретінде қабылдай отырып, ауылды басқарудың негізгі жүйесін шоғырландыру және жетілдіру,Чжэцзянның «ауылды жандандыру» тұжырымдамасының табысты тәжірибесін ішкерілей үйрену және пайдалану,ұлттық азық-түлік қауіпсіздігіне қамтамасыз ету, кедейлікке ауқымды түрде оралуға жол бермеу, ауылды индустриялық дамыту, ауыл құрылысы, ауылды басқару деңгейін арттыру,
ауыл шаруашылығының тиімділігін, ауыл шаруашылығының өміршеңдігін және фермерлердің табысын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасау, Қытай стиліндегі модернизацияны ілгерілетуге негізгі тірек болу сияқты мазмұндар қамтылған.
people.cn © People's Daily Online