- Барлық ақпарат
Ван И: Қытайдың айқындылығы арқылы белгісіз әлемді орнықты етуге болады
7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясы Саяси Бюросының мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван И 7 наурыздағы екі сессияның баспасөз мәслихатында Қытай дипломатиясының әлемдегі рөлі туралы айтты. Ван Идің айтуынша, қазіргі әлем алмағайып кезеңді бастан кешуде. Елдердің айқындылық стратегиясы барған сайын тапшы жаһандық ресурсқа айналып отыр. Елдердің, әсіресе ірі елдердің қандай таңдау жасауы дәуірдің бағытын анықтайды және әлемдік үлгіге ықпал етеді. Қытай дипломатиясы өз ұстанымының айқындығымен белгісіз әлемді орнықтыра алады.
Ван И Қытай енді ұлттық мүддені қорғаудың берік қуаты; әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың әділ күші; халықаралық әділеттілікті қорғаудың прогрессивті құралы; жаһандық жалпы дамуға ықпал етудің әлеуетті тірегі болатынын атап айтты.
Фото:Синьхуа
people.cn © People's Daily Online