Ақтөбе мен Сиань арасында тікелей әуе рейсін ашу мәселесі туралы бастама көтерілді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 5 мамыр

Сиань қаласында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров пен Шэньси өлкесінің өлке бастығының ресми кездесуі өтті, деп хабарлайды aqtobegazeti.kz. Кездесу аясында өңірдің инвестициялық және өнеркәсіптік әлеуеті таныстырылды.

Өңір басшысы Шэньсидың өлке бастығы Чжао Ганға Ақтөбе мен Сиань арасында тікелей әуе рейсін ашу мәселесі туралы бастама көтерді. Ол мұндай әуе қатынасының өңірлер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және туристік ағынды арттыруға септігін тигізетінін атап өтті.

Қабылдау барысында Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен Шэньси провинциясының коммерция басқармасы арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат өңірлер арасындағы сауда, инвестициялық және технологиялық байланыстарды тереңдетуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото