- Барлық ақпарат
Қытай-Орталық Азия Саммитінің нәтижелері - Шэньси мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық
6 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай-Орталық Азия Саммитінің нәтижелері - Шэньси мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық нығая түсті.
Шэньси мен Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық және сауда-саттық қыза түсті
Жақында өткен баспасөз мәслихатында Сиань кедені директорының орынбасары Ли Цзиньшэн 2023 жылы Қытай-Орталық Азия Бірінші Саммитінің нәтижелерін жүзеге асыру бойынша Шэньси өлкесі (Қытайдың Солтүстік-Батысы) мен Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығының одан әрі нығайғанын айтты.
Деректер көрсеткендей, Шэньси мен Орталық Азия арасындағы сауда көлемі 2023 және 2024 жылдары сәйкесінше 5,79 миллиард юаньға және 8,62 миллиард юаньға жетіп, тарихи рекорд орнатты.
Логистикалық хаб тауарлардың кеденнен өтуін жеделдетті
2024 жылдың 28 ақпанында Қазақстанда Сиань Логистикалық орталығы ресми түрде ашылды. Орталықтың жылдық жобалық қуаты 655 000 TEU-дан асады. Ал жылдық жүк көлемі бір жыл ішінде 150 000 тоннаны құрады. Статистикаға сүйенсек, биылғы жылдың бірінші тоқсанында Шэньси өлкесінің Қазақстанға тауар айналымы 710 миллион юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге артқан.
Сәуір айының соңында Қазақстанның Алматы қаласындағы Қытай-Қазақстан Логистикалық терминалының негізгі корпусы салынып бітті. Соның нәтижесінде Қазақстандағы Сиань терминалымен «хаб-хаб» арнасын жаңарту жүзеге асырылды.
Ауыл шаруашылығы ынтымақтастығын одан әрі тереңдеді
25 наурызда Шэньси өлкесі алғаш рет Тәжікстанға 16000 түп алма көшетін экспорттады. Әлемдегі алма үшін ең жақсы евгеникалық аймақ ретінде Шэньсидің жылдық өнімі 13,7 миллион тоннадан асады. Бұл елде бірінші орында тұр.
Ли Цзиньшэн: «Көшеттерді экспорттау екі тараптың ауыл шаруашылығы ғылымы мен технологиясын зерттеу және әзірлеуге, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және басқа салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал етеді»,-деді.
Ынтымақтастық аясы кеңеюде
Жақында Шанло қаласындағы кәсіпорын шығарған ағаш есіктер мен аксессуарлардың 1200 жиынтығы (құны 504 000 юань) Ташкентке Қытай-Еуропа пойызымен жөнелтілді.
Ли Цзиньшэн Шэньси мен Орталық Азия арасындағы қазіргі ынтымақтастық дәстүрлі саудадан өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, білімге, медициналық көмекке және басқа салаларға дейін кеңейгенін атап өтті. «Қытай-Орталық Азия саммитінің қорытындылары үздіксіз жүзеге асырыла отырып, Шэньси мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың болашағы кеңейе түседі».
people.cn © People's Daily Online