- Барлық ақпарат
Ұлы жеңіс. 80 жыл коллекциялық монеталары айналымға шығады
ҚР Ұлттық банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан Ұлы жеңіс. 80 жыл коллекциялық монеталарын айналымға шығарады деп жазды Kazinform.
Монеталар сатуға шығарылатын күнге қатысты ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланады.
Ұлы жеңіс. 80 жыл монеталарында отан қорғаушылардың ерлігі мен жанқиярлық рухына деген терең құрметтің белгісі бар. Бұл монеталар жеңіс туралы тарихи оқиғаны мәңгі есте сақтап, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында шығарылып отыр. Монеталар атаулы датаға арналған мәдени әрі тарихи мұраны сақтау жолындағы ұмтылысты паш етеді.
Монеталарда ерлікпен қаза тапқан қаһармандарды еске түсіретін мәңгілік алау көрініс тапқан. «80» санындағы ою-өрнек жеңіс лентасын бейнелейді және ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы элементтерімен үндесетін стильде орындалған.
Коллекциялық монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банктік шоттарға есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
people.cn © People's Daily Online