Ауғанстанда соңғы 45 жылда алғаш рет ұлттық халық санағы жүргізіледі

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 мамыр

Ауғанстан билігі 1979 жылдан бері алғаш рет ұлттық халық санағы науқанын өткізуге ниетті және бұл мәселе Ауғанстан министрлер кабинетінің отырысында басты мәселе болды, деп хабарлайды Kazinform.

Дүйсенбі күні премьер-министр Мұхаммед Хасан Ахундтың төрағалығымен өткен отырыста жалпыұлттық санақты өткізудің ұсынылып отырған негіздері талқыланды.

Ауғанстан бойынша нақты демографиялық деректер, соның ішінде әртүрлі этникалық және әлеуметтік топтар жайлы анық мәліметтер жоқ. NSIA мәліметтері бойынша, 2023-24 жылдары Ауғанстан халқының саны 35,7 миллионға жеткен болуы мүмкін. Алайда, БҰҰ-ның кейбір институтының бағалауы бойынша, 41,4 миллион адамға жетуі мүмкін.

Ауғанстандағы соңғы ұлттық халық санағы 1979 жылы жүргізілді және қауіпсіздік мәселесіне байланысты ел аудандарының 67%-ын ғана қамтыды, ол елге кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің кіруімен үзілді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото