- Барлық ақпарат
АҚШ-тың тарифтерді албаты пайдалануы: «ішкі ауруына сырттан ем іздеу»
8 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Америка Құрама Штаттары әртүрлі тарифтік саясатты үнемі енгізіп, тарифтің шоқпарын бұлғап қоймады. Сондай-ақ фентанил мәселесін сылтау етіп, жауапкершілікті Қытайға итеріп, АҚШ-қа экспортталатын қытайлық тауарларға айтарлықтай баж салығын енгізді.
Бұл - қисынсыз жала және себепсіз шабуыл. Қытай - әлемдегі есірткіге қарсы ең қатаң саясаты бар әрі оны түбегейлі атқаратын елдердің бірі. 2019 жылы фентанил заттарының барлық санаты ресми түрде жіктеліп, жарияланды. Ал Америка Құрама Штаттары өз еліндегі фентанил дағдарысының күшеюін өтірік көрмей отыр. АҚШ халқы әлем халқының 5%-ына жетпейді, бірақ әлемдегі опиоидтердің 80%-ын тұтынады. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметтері бойынша, 2023 жылы фентанил заттары басым синтетикалық опиоидты дәрілерден артық доза алып, қайтыс болғандар саны 75 000-ға жетті, бұл дәріні артық тұтынудан болатын барлық өлім-жітімнің шамамен 70%-ын құрайды.
Фентанил - Қытайдың емес, Американың өз проблемасы. АҚШ мұны АҚШ-қа экспортталатын Қытай тауарларына қомақты тарифтер енгізу үшін сылтау ретінде пайдаланып отыр, бұл аты затына сай типтік қорқыту әрекеті. АҚШ-тың «ішкі ауруына сырттан ем іздеу» тәсілі өзінің басқаруда сәтсіздікке ұшыраған шындығын жасыра алмайды, негізгі мәселені шешуге де септігін тигізбейді.
people.cn © People's Daily Online