- Барлық ақпарат
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам «Этноауыл» көрмесін аралады
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 8 мамыр
Астанаға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне барды. Бұл туралы Kazinform мәлім етті.
Мәртебелі меймандар Қазақстанның төл тарихын танытатын, соның ішінде ұлтымыздың киім үлгілері, қолөнері, әдет-ғұрпы мен саятшылық дәстүрі, музыкалық аспаптары, кескіндемесі және халық ойындары көрсетілген бірнеше тақырыптық аймақты тамашалады.
Экспозицияның әр бөлігі дала өркениетінің ерекшеліктерін паш етеді.
Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам «Этноауылда» cәбидің тұсауын кесіп, оның өмірлік жолы ашық болуына тілектестік білдірді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online