Астанадағы парадқа Қазақстан өңірлерінен соғыс ардагерлері келді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 8 мамыр

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа Қазақстан өңірлерінен соғыс ардагерлері келді деп жазды Kazinform.

Қазір Қазақстан аумағында 105 соғыс ардагері бар. Олар 80 жылдан бері бейбітшіліктің қадір-қасиетін қазіргі ұрпаққа айтып, түсіндіріп келеді. Осы орайда бүгінгі әскери парадқа 6 соғыс ардагері арнайы келіп, қатысып отыр.

Атап айтқанда, Астана қаласынан Рзағұл Байкешев, Алматы қаласынан Владимир Белозеров, Қосшы қаласынан Нұрқасым Әжітаев, Қостанай қаласынан Қасымхан Алдабергенов, Өскемен қаласынан Құрмат Рахимов, Қарағанды қаласынан Григорий Степенко келді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото