- Барлық ақпарат
Уақыт пен кеңістікті еңсеріп, ортақ тарихты жадымызда сақтайық
9 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Фашизмге қарсы дүниежүзілік соғыста Қытай мен Ресей халқы тең күресіп, бір-біріне қол ұшын берді. Қытай халқының Жапонға қарсы тұру соғысының қиын-қыстау кезеңінде Қытайға көмекке келген Кеңес Әскери-әуе күштері Нанкин, Ухань, Чунцин және басқа да аймақтарда Жапон армиясын бөгеуге көмектесті; Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысының ең шешуші сәттерінде Қытай Коммунистік партиясының майталман жер асты жұмысшылары Кеңес тарапын ақпараттармен қамтамасыз етіп отырды.
Биыл Қытай халқының Жапонға қарсы тұру соғысы, Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы және Дүниежүзілік фашизмге қарсы соғысының жеңісіне 80 жыл толды. Қытай мен Ресей Азия мен Еуропадағы екі негізгі соғыс майданы ретінде фашизм мен милитаризмге қарсы бірлескен күресте әділеттілік пен бейбітшілікті қорғап қалды. Екі халық арасындағы қан мен тер, өмір мен өлім арпалысы арқылы қалыптасқан терең достық, Сары өзеннің ағысындай үзілмей, Волга өзені сияқты іргесін кеңге жайып көсіліп ағуда. Бұл - Қытай мен Ресей арасындағы ұрпақтар бойы жалғасқан достықтың сарқылмас қайнар көзі.
Қазіргі уақытта Ухань қаласындағы Жапонияға қарсы соғыс кезіндегі кеңес әскері ардагерлерінің қабіріне саясын түсіріп тұрған қарағайлар мәңгі жап-жасыл қалпында. Жас ұрпақ қаһармандардың қабіріне келіп құрмет білдіреді. Онлайн «Халық Газетінің» шетелдік сарапшысы Еленамен бірге ардагерлердің ерлік хикаяларымен танысып, шекара аттаған достыққа куә болыңыздар. (Чу Мэнцзи, Елена, Дэн Цзе, Ли Минци, Цуй Юе, Цзинь Юймэн, интерн Хань Юйкунь, интерн Цзяо Хойтин)
people.cn © People's Daily Online