Қытайлық компания Шиеліде күн электр станциясын салып жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 мамыр

Қызылорда облысында жалпы қуаты 89 МВт болатын 9 күн электр станциясы жұмыс істеп тұр деп жазды Kazinform.

Тағы бір күн электр станциясын Шиелі ауданында қытайлық компания салып жатыр.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметіне сүйенсек, оның қуаттылығы — 40 МВт, жоба құны — 11,5 млрд теңге. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде бұл мақсатқа 80 гектар жер берілген.

«Жоба бастамашысының ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта құрылыс жұмысының 80%-ы аяқталған. Станцияны тамыз айында іске қосу жоспарланып отыр. Сол кезде жергілікті тұрғындар үшін 20 жаңа жұмыс орнын ашылмақ», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясы салынады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото