- Барлық ақпарат
Шыңжаң Халықаралық пошта жолдамалары алғаш рет Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарымен елден шықты
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 мамыр
8 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Қорғас кеденінен алған мәліметіне сәйкес, 8 мамырда 17 тонна 1038 қап халықаралық пошта жолдамаларын тасымалдайтын Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызы Қорғас теміржол портынан Қазақстанға жөнелтілді. Бұл Шыңжаң Халықаралық пошта жолдамаларының Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызымен елден алғаш рет жөнелтілуі.
Пойыз Үрімжі Халықаралық құрлық порты аймағынан 7 мамырда жолға шықты. Пойызда негізінен киім-кешек, электронды өнімдер және өзге де қажетті заттар сынды халықаралық пошта жолдамалары тиелген. Жолдың ұзақтығы шамамен 2-3 күнге созылады. Содан кейін пошта жолдамалары Еуропаның 20-дан астам еліне таратылады.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online