Бүгін манчжун амалы

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 5 маусым

5 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Бәріңе сәлем! Мен саяхаттауды жақсы көретін Сисимін! Бүгін манчжун амалы, бұл жаз маусымының ортасына жеткенін білдіреді. Менімен бірге көрінісі көз тартатын Аньхой өлкесінің Хунцунь ауылына барып, манчжун амалының тартымдылығын сезінейіңіз!

«Егер сіз манчжун амалы кезінде егін екпесеңіз, бәрінен кеш қаласыз». Осы ауыл шаруашылығы тақырыбындағы мақал-мәтелден ежелгі қытайлық еңбек адамдарының ауыл шаруашылығы мезгіл құбылыстарын қалт жібермей бақылап, шынайы түсінетінін аңғаруға болады. Бұл маусым оңтүстікте күріш өсіріліп, солтүстікте бидай жиналатын кезең. Адамдар қолайлы мезгілде егін салып, атыз басы қарбаластыққа толды.

Манчжун амалында Янцзы өзенінің орта және төменгі ағысы қара өрік жаңбыры маусымына енеді. Осы уақытта жеміс пісетіндіктен, қара өрік жаңбыры деп аталады. Хунцунь ауылында қара өрік жаңбыры мезгілінде тұман мен түтін ұласып, ақ пен қара түске бейім Хуэйчжоу стиліндегі архитектура жасыл тау, тұнық сумен үйлесіп, Қытайдың сиямен салынған суреттерін елестетеді.

Мачжун амалы кезінде табиғат тамылжып, адамдар гүл тәңіріне сыйынып, алғыс айтып, алдағы жылда гүл-шөптердің жайқалып өсуін күтеді. Сондай-ақ әлемнің көптеген аймақтарында гүлге табыну дәстүрі бар. Мысалы, Болгарияда жыл сайын «Раушан фестивалі» өтеді. Мерекеде көпшілік би билеп, ән салып, раушан гүлінен алынған мол өнім қуанышын тойлайды. Табиғат сұлулығына деген ортақ сүйіспеншілікте шекара жоқ.

«Тербелген көкорай шалғыны,

Тал ұлпасының балғыны,

қара өрік жаңбырымен айығар

табиғаттың шаң-тозаң қалдығы.»

Сен осындай еңбек мезгілінде, тамаша жыл амалында келер күннен қандай үміт күтесің?

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото