Кітапханада «ғарыштық лифт» орналасқан

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 6 маусым

6 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 4 миллионнан астам кітап қорын құрайтын бұл кітапхана жер бетінен бірінші қабаттан басталып, жер астына қарай үш қабаттан тұрады. Көлем аумағы 7 стандартты баскетбол алаңына тең... Шэньчжэнь кітапханасының солтүстік залында 18 метр тереңдіктегі кітап қоймасы бар. Бұл елдегі ең үлкен жерасты толық автоматты интеллектуалды кітапхана ғана емес, сонымен қатар алғашқы ультра терең үш өлшемді кітап қоймасы.

Оқырман кітапты оқуға, қарызға алуға өтініш берген кезде, қызметкер бірнеше минут ішінде көрсетілген кітаптарды толық автоматты интеллектуалды сұрыптау және тігінен қадағалау жүйесі арқылы тауып береді. Кейіннен кітаптар кішкене теміржол вагонына тиеліп, тік жол бойымен тиісті қабатқа шапшаң жеткізіледі. Кітапты қарызға алудың барлық процесі шамамен 10 минутта орындалады. Бұл қалаған кітапты дереу тауып алу сынды жоғары тиімділікті әрі қолайлылықты жүзеге асырып отыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото