«Сяотао» есімді робот виртуалды мектепті «бітіріп», нарыққа шықты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 6 маусым

6 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Газетіміздің «Дамып жатқан Қытай» атты ауқымды медиалық зерттеу сапарының Чжэцзян бөлімшесі мәліметіне сәйкес, жақында Цзянсудағы робот компаниясы дербес әзірлеген «Сяотао» есімді роботты Ханчжоу қаласындағы Manycore Tech Inc компаниясына «оқуға» жіберді. Бұл роботтарға арналған виртуалды мектеп болатын.

Виртуалды мектепте роботтар кеңістікті түсіну және өзара әрекеттесу сияқты тақырыптарды меңгеруі тиіс. Осыған дейін роботтарды дәстүрлі оқыту құны жоғары және тиімділігі төмен болып, салаға дамудың қажеттігі туындаған еді. Ал Ханчжоу қаласындағы Manycore Tech Inc компаниясында жинақталған 362 миллионнан астам 3D модельдер роботтарды оқытуға арналған жоғары сапалы «оқу материалдарына» айналды. Робот-ми инженері Чжоу Чухань компьютерде роботқа әртүрлі пішіндегі есік тұтқаларын орнату, шкаф есіктерін басқаша құру, есіктердің ашылу механизмін кездейсоқ өзгерту сияқты «сұрақтар» қояды.

«Сяотао» роботының мектепке алғаш кірген кездегі қабылдау әрекеті төмендеу көрінді. Жүйелі жаттығулардан кейін ол кедергілерді еркін жеңіп, қозғалыс дәлдігі 90%-дан асты.

Бүгін «Сяотао» оқуын аяқтап, нарыққа шықты. Ол әуежайлар, пилотсыз дәріханалар, интеллектуалды сақтау орталықтары сценарийлеріндегі тапсырмаларды сәтті орындай бастады. Виртуалды мектеп роботтардың оқу тиімділігін ондаған есе арттырып, ғылыми зерттеу мен әзірлеу және өндіріс жылдамдығын жоғарылатты.

Қазіргі уақытта осы робототехника мектебінің техникалық тобы роботтарға әртүрлі нұсқаулардан кейінгі «не үшін» деген сұрақтың жауабын табу үшін кеңістіктік пайымдау бойынша жетілдірілген оқыту курстарын әзірлеуде.

Робот мектебі Чжэцзянның робот өнеркәсібі тізбегінің бір бөлігі. Чжэцзян робот өнеркәсібін дамытуға бар күшін салуда. Өлкеде бірнеше танымал робототехника компаниялары пайда болды. Чжэцзяндағы бірқатар жоғары технологиялық платформалар гуманоидты роботтар индустриясының дамуына өз үлестерін қосты. Жоспарға сәйкес, 2027 жылға қарай Чжэцзянның гуманоидты робот өнеркәсібінің ауқымы 20 миллиард юаньнан асады деп күтілуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото